Accessibility links

ҚБФ: Левитке қосымша 100 мың АҚШ доллары сыйақы беріледі


Финалдан кейін Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Василий Левиттің қолын көтеріп тұр. 15 тамыз 2016 жыл.
Финалдан кейін Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Василий Левиттің қолын көтеріп тұр. 15 тамыз 2016 жыл.

Рио Олимпиадасында бокстан күміс медаль иеленген қазақстандық Василий Левитке Қазақстанда алтын медальдің сыйақысы берілмек. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының сайтында хабарланды.

"Василий Левит олимпиада алаңындағы ақтық сында керемет нәтиже, жеңіске деген үлкен жігер көрсетті. Олимпиадада ұтқан күміс жүлдесі үшін мемлекет тарапынан 150 мың АҚШ доллары жүлде ақысы берілсе де Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаевтың шешімімен бұл сомаға Левиттің сыйақысы «алтынға» пара-пар болатындай тағы 100 мың доллар қосылады" делінген хабарламада.

Рио Олимпиадасында 91 килограмм салмақ бойынша жарыстың ақтық сынында Василий Левит ресейлік боксшы Евгений Тищенкомен кездескен. Жеңісті Евгений Тищенкоға берген қазылар шешіміне қазақстандық көрермендер қарсылық танытып, бокс сарапшылары сынға алып, дауға айналған.

XS
SM
MD
LG