Accessibility links

Блогер Юрий Ильченко Қырымнан Украинаға қашып кетті


Украина мен Қырымның әкімшілік шекарасында тұрған белгі (Көрнекі сурет).
Украина мен Қырымның әкімшілік шекарасында тұрған белгі (Көрнекі сурет).

Севастопольдік блогер, экстремизм айыбы бойынша үйқамақта отырған Юрий Ильченко Ресей аннексиялап алған Қырымнан Украинаға қашып кетті. Бұл туралы Украинаның ақпараттық саясат министрлігінің сайтында хабарланды.

38 жастағы Юрий Ильченко - шет тілдер мектебінің иесі. Блогерге қарсы іс оның жеке сайтында Ресейдің Қырымды аннексиялап, Украина шығысындағы басқыншылық саясатын сынаған мақала жарияланған соң қозғалған. Қырымның ресейшіл билігі оны "экстремистік әрекет жасауға жария түрде шақырды" және "ұлтаралық жаулық пен жеккөрініштілікті қоздырды" деп айыптайды. 2015 жылы 2 шілдеде оны Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі (немесе ФСБ) мен экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының қызметкерлері ұстап, Симферопольдегі тергеу абақтысына 11 айға қамаған. Маусымда ол үйқамаққа ауыстырылған.

Юрий Ильченко өзінің үйқамақта отыруы мен одан қашып шығуының жай-жапсары туралы бүгін Киевте "Укринформ" агенттігінде баспасөз конференциясында айтпақ.

XS
SM
MD
LG