Accessibility links

Түркияда Босфор бұғазы уақытша жабылды


Босфор бұғазында жүрген түркиялық әскери кемелер (Көрнекі сурет)
Босфор бұғазында жүрген түркиялық әскери кемелер (Көрнекі сурет)

Түркияда Босфор бұғазында жүк кемесі жағажай күзеті кемесімен соқтығысып қалып, бұғаз арқылы жүк тасымалы уақытша тоқтатылды.

Ыстамбұл билігінің хабарлуынша, 17 тамызда болған төтенше оқиғадан алты адам құтқарылған. Жүк тасымалы қанша уақытқа тоқтатылғаны әзірге белгісіз.

Жыл сайын әлемдік мұнай тасымалының 3 пайызына жуығы Босфор бұғазы арқылы жүргізіледі. Босфор сонымен Қара теңіз бен Жерорта теңізін жалғап тұрған, астық тасымалдайтын басты су жолы саналады.

XS
SM
MD
LG