Accessibility links

Боксшы Шәкімова олимпиаданың жартылай финалына шықты


Боксшы Дариға Шәкімова Рио рингінде.

27 жастағы Қазақстан боксшысы Дариға Шәкімова 75 килограмда Рио олимпиадасының жартылай финалына шықты. Ол ширек финалда 25 жастағы Хадиджа Әл-Мардиді (Марокко) 3:0 есебімен жеңді.

Енді Шәкімова жартылай финалда Лондон олимпиадасының чемпионы Кларесса Шилдспен (АҚШ) кездеседі. Лондонда Шилдс жартылай финалда қазақстандық Марина Вольнованы жеңген еді.

Әйелдер боксынан Рио олимпиадасына барған тағы бір қазақстандық Жайна Шекербекова (51 кг) франциялық Сара Оурахманнан жеңіліп қалған.

Бокс ережесі бойынша жартылай финалға шыққан боксшы финалға шыға алмаса бірден қола жүлде алады.

XS
SM
MD
LG