Ресейде Қазақстаннан жеткізілген шабдалыны өткізбеді деп хабарлады бүгін Ресейдің ветеринарлық және фитосанитарлық қызметінің Новосибирск облысы бойынша басқармасы. Қазақстаннан Ресейге жүк көліктерімен жеткізілген шабдалы партиясы Ресейдің мемлекеттік "Карасук" мемлекеттік мекемесінде тәркіленген.
Басқарманың мәлімдеуінше, "карантиндік фитосанитарлық бақылау кезінде Қазақстаннан жеткізілген екі тоннадан астам шабдалыда олардың фитосанитарлық қауіпсіздігін растайтын құжаты болмаған". Басқарма шабдалы Ресей территориясында тұтынуға жөнелтілген дейді.
"Шабдалының барлық партиясы Қазақстанға жөнелтілді" делінген басқарма сайтында жарияланған ақпаратта.