Accessibility links

Назарбаев Қытайға G-20 саммитіне қатысуға барады


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1-5 қыркүйекте G-20 елдерінің саммитіне қатысу үшін Қытайға барады деп хабарлады бүгін Ақорданың баспасөз қызметі. Сапар барысында Назарбаев Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, екі ел ынтымақтастығының басты бағыттарын талқыламақ.

Ақорданың ақпаратына қарағанда, Назарбаев Қытайға сапарына дейін Польша мен Сербияға барады. Назарбаев 22-23 тамызда Польшаға мемлекеттік сапармен барады. Польшада Назарбаев осы ел президенті Анджей Дудамен кездесіп, екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық, ауылшаруашылық, транзит, транспорт, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын нығайту жолдарын талқыламақ.

Нұрсұлтан Назарбаев Польшадан соң 23-24 тамызда Сербияға ремми сапармен барып, осы ел президенті Томислав Николичпен кездеседі. Екі ел президенті Қазақстан мен Сербияның екіжақты қарым-қатынасын талқыламақ.

XS
SM
MD
LG