Accessibility links

Қырғыз ауыр атлеті Риода алған медалінен айырылды


Қырғызстан ауыр атлеті Иззат Артықов Рио Олимпиадасында.
Қырғызстан ауыр атлеті Иззат Артықов Рио Олимпиадасында.

Спорттық арбитраж соты (CAS) Қырғызстан ауыр атлеті Иззат Артықовты допинг сынағынан өте алмағандықтан Рио Олимпиадасында алған қола медалінен айырды. Қырғызстанға Рио Олимпиадасындағы жалғыз және соңғы 30 жылдағы алғашқы медальді әперген Артықовтан алынған сынамадан стрихнин препараты табылған.

69 килограмға дейінгі салмақта сынға түскен Артықов - Рио Олимпиадасындағы тыйым салынған препараттар сынағынан өте алмаған алғашқы спортшы. Артықовтың қола медаль алғанын Қырғызстанда кең көлемде атап өтіп, өзін елінде құрметпен қарсы алған.

Стрихнин - егеуқұйрық пен кеміргіштерді улауда кеңінен қолданылатын зат. Оның аз ғана дозасының өзі спортшының бұлшықетінің жиырылуын азайтып, спорттық көрсеткішін жақсартады.

XS
SM
MD
LG