Accessibility links

Ресей Қырымда әскери жаттығу өткізіп жатыр


Қырымдағы Ресей әскери техникасы (Көрнекі сурет).
Қырымдағы Ресей әскери техникасы (Көрнекі сурет).

Ресей әскері Украинадан аннексиялап алынған Қырым территориясы мен одан тысқары жерде түбектегі теңіз және құрлық әскерін материалдық-техникалық жарақтандыру бойынша жаттығу өткізіп жатыр.

Ресейдің "РИА-Новости" агенттігінің хабарлауынша, жаттығуға құрлықтағы және теңіздегі әскери күштер қатысып жатыр.

Бұған дейін Ресей қорғаныс министрлігі құрамына Қырымды қосқан Оңтүстік әкімшілік округіндегі жаттығуға екі жарым мыңға тарта әскер мен 350-ден әскери және арнайы техника қатысатынын хабарлаған.

Аймақтағы жағдай тамыздың басында Мәскеу Украинаны Қырымда "террорға жүгінбек болды" деп айыптаған соң шиеленісіп кеткен. Киев айыпты жоққа шығарады.

Соңғы апталарда үкімет әскері мен Ресей қолдайтын сепаратистер соғысып жатқан Украинаның шығысында да атыс пен өзге де зорлық-зомбылық оқиғалары көбейген.

Украина президенті Петр Порошенко 17 тамызда "Ресейдің кең көлемде басқыншылық жасау" мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтып, егер Украина шығысы мен Қырымда ахуал нашарлай берсе үкімет "елде әскери жағдай жариялап, жаппай мобилизация жасауға мәжбүр болатынын" мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG