Accessibility links

Байден Ресей мен Украинаны ұстамдылық танытуға шақырды


АҚШ вице-президенті Джо Байден.
АҚШ вице-президенті Джо Байден.

Украина президенті Петр Порошенко «толық көлемді ресейлік басқыншылықты жоққа шығармайтыны» туралы мәлімдеме жасаған күннің ертеңінде АҚШ вице-президенті Джо Байден Ресей мен Украинаны ұстамдылық танытуға шақырды.

Тамыздың 19-ы күні телефон арқылы әңгімеде Байден Порошенкоға «АҚШ бүкіл әлем назарда ұстап отырған ахуалды ушықтырмау қажеттігі туралы хабарламаны Ресей жолдағанын жеткізді» деп хабарлады Ақ үй.

Байден «сонымен бірге Украинаны байсалдылық сақтауға шақырды» деп хабарлады АҚШ әкімшілігі. Екі басшының телефон әңгімесінің қортындысы бойынша таратылған баспасөз баянында Байден мен Порошенконың таяудан бері Украинаның шығысында ресейшіл сепаратистермен қақтығыстар саны ұлғая түскеніне байланысты алаңдаушылық білдіргені айтылған.

Украина президенті әкімшілігі таратқан ақпаратта Порошенконың АҚШ вице-президетін Қырым автономиялық республикасымен әкімшілік шекарада және Донбаста қауіпсіздік жағдайы күрделене түскені туралы хабардар еткені айтылған. Ол Шығыс Украинада сепаратистер тарапынан атқылау, соның ішінде тыйым салынған қару түрлерін қолдану толастамай отырғаны, сонымен бірге ресей-украин шекарасы маңында толық көлемді әскери жаттығулар жалғасып жатқаны туралы хабарлаған.

XS
SM
MD
LG