АҚШ Ресейді егер Сириядағы америкалық әскери қызметкерлер Ресей немесе Сирия үкіметі әскерінің әуе шабуылына ұшырайтын болса оларды қорғайтынын ескертті. Бұл туралы Сирия мен Ирактағы америкалық әскерилердің қолбасшысы Стивен Таунсенд мәлімдеді.
Таунсенд АҚШ қорғаныс министрлігі Ресей жағына америкалық әскерилердің орналасқан жері туралы ақпаратты бергенін айтты. Оның сөзінше, Ресей бұл мәліметті Сирия әскерилеріне тапсырған.
Өткен аптаның басында Сирия президенті Башар Асад әскері елдің солтүстік-шығысындағы Хасак қаласының күрдтер бақылайтын ауданына әуеден шабуыл жасаған. Шабуылда осы ауданда исламшыл содырдармен күресіп жатқан күрдтерге кеңес беретін америкалық инструкторлар да нысанаға ілігіп қалған.