Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін мемлекеттік сапармен Польшаға барды деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Назарбаев Варшавада Польша президенті Анджей Дудамен кездесіп, кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізеді. Кездесу қорытындысы бойынша екіжақты бірнеше құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.
Назарбаев сонымен қатар Польшада Қазақстан-Польша бизнес форумына да қатыспақ.