Accessibility links

Тәжікстан: Түрмедегі оппозицияшыл саясаткердің әйелі мен ұлы жоғалып кетті


ТИҚП жетекшісі Мухиддин Кабири.
ТИҚП жетекшісі Мухиддин Кабири.

Тәжікстанда түрмеге жабылған оппозицияшыл саясаткер Мухаммадали Хаиттің әйелі мен ұлы жоғалып кетті деп хабарлайды Азаттықтың Тәжік редакциясы.

Мухаммадали Хаиттің туыстарының 23 тамызда Азаттыққа айтуынша, 22 тамызда азаматтық киімдегі бірнеше ер адам Хаяттің әйелі Савринисо Джураева мен 17 жастағы ұлы Фирузды Душанбедегі үйінен алып кеткен.

Қазір әйелі мен ұлының қайда екені белгісіз. Туыстары Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі шенеуніктер өздеріне бұл туралы хабардар етуге уәде бергенімен, Хаяттің әйелі мен ұлының қайда екені туралы ақпарат беруден әлі бас тартып отырғанын айтады.

Тәжікстанда тыйым салынған Тәжікстан ислам қайта өрлеу партиясы (ТИҚП) төрағасының орынбасары Мухаммадали Хаят пен партияның өзге басшысы Саидумар Хусайни биыл маусымда өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілген.

Душанбе соты Хаят пен Хусайни және ТИҚП-тың өзге жеті мүшесін бұрынғы қорғаныс министрінің орынбасары Абдухалим Назарзодамен 2015 жылы қыркүйекте "билікті күшпен басып алу бүлік ұйымдастыруға сөз байласты" деп айыптаған.

ТИҚП-тың шетелде қуғында жүрген басшысы Мухиддин Кабири айыптарды терістейді.

XS
SM
MD
LG