Accessibility links

Бішкек Алматы облысында күдікті қырғыз азаматы ұсталғанын растады


Алматы облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Алматы облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Алматы облысында өткен аптада Қазақстан аумағында теракт жасауды жоспарлады деген күдікпен ұсталған төрт адамның бірі - қырғызстандық 1976 жылы туған С.П. есімді азамат деп хабарлады Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. Министрліктің мәліметінше, ұсталған күдікті Ош облысының Үзген ауылының тумасы.

22 тамыз күні кешке Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) 18 тамызда Алматы облысында жүргізілген арнайы операцияда "теракт жасауды жоспарлады" деген күдікпен төрт адам ұсталғанын, олардың арасында Қазақстан мен Қырғызстан азаматы барын хабарлаған.

Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, радикалдық топтың сезікті мүшелерін ұстау операциясы Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Іргелі ауылында өткен.

ҰҚК күдіктілер тұрып жатқан жерден "жарылғыш құрылғы жасауға арналған заттар" табылып, тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG