Accessibility links

Италиядағы зілзаладан бірнеше адам қаза тапты


Құтқарушылар Аматриче қаласында қирандылар астында қалған адамды әкетіп барады. Италия, 24 тамыз 2016 жыл.
Құтқарушылар Аматриче қаласында қирандылар астында қалған адамды әкетіп барады. Италия, 24 тамыз 2016 жыл.

Расталған мәлімет бойынша, Италияның орталық бөлігінде болған қуаты 6,2 магнитудалық жер сілкінісінде кем дегенде үш адам қаза тапты. Зілзаладан Аккумоли, Аматриче, Аркуата-дель-Торонто және Поста қалалары көбірек зардап шеккен.

Көбірек зардап шеккен аудандарда қирандылар астынан тірі қалғандарды іздеп жатыр. Аматриче қаласының мэрі Серджио Пироцци "қаланың жартысы қирағанын" және тұрғындар қирандылар астында қалып қойғанын мәлімдеді.

Зілзала дүмпуі Римде де сезілген. Зілзала ошағы Л'Акуила қаласына жақын болған. Бұл қалада 2009 жылы қуаты 5,9 магнитудалы жер сілкініп, 309 адам қаза тапқан еді.

XS
SM
MD
LG