Accessibility links

Атамбаев Қырғызстанның шекара келісімдерін қайта қарауды тапсырды


Алмазбек Атамбаев, Қырғызстан президенті.
Алмазбек Атамбаев, Қырғызстан президенті.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев соңғы кездері көрші елдермен арадағы шекара дауларына байланысты үкіметке бұрынғы билік тұсында қол қойылған халықаралық шекара келісімдерін қайта қарауды тапсырды. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз редакциясы хабарлады.

24 тамызда сыртқы істер министрі Ерлан Абдылдаевпен кездесуінде Атамбаев көршілес мемлекеттермен жасалған кейбір шекара келісімдері жария түрде емес, халық пен парламенттің мақұлдауынсыз жасалып, қол қойылғанын айтты.

Атамбаев бұған дейінгі шекара келісімдері қазір "Қырғызстанның мемлекеттік мүдделерін қорғау шараларына кері әсер етіп жатқанын" мәлімдеді.

Атамбаев мұндай тапсырманы таяуда қырғыз-өзбек шекарасында болған шеленістен кейін беріп отыр. 22 тамызда өзбекстандық шекарашылар Қырғызстанның оңтүстігіндегі Жалал-Абад облысында қырғыз-өзбек шекарасының даулы территориясына еніп кеткен. Қазір Қырғызстан мен Өзбекстан шекара қызметі басшылары мәселені шешу жөнінде келіссөз жүргііп жатыр.

Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы 1 мың километрге созылатын шекараның шамамен 300 километр бөлігі 1991 жылы Совет одағы құлағаннан бері анықталмаған, даулы күйде қалып отыр.

XS
SM
MD
LG