Accessibility links

Ғалымдар Күнге жақын жұлдыздан Жерге ұқсас ғаламшар тапты


Ғарыш кеңістігі (Көрнекі сурет).
Ғарыш кеңістігі (Көрнекі сурет).

Ғалымдар Күн жүйесіне жақын жұлдызды айналып жүрген Жерге ұқсас, жартасты ғаламшарды тапты деп хабарлады Nature журналы.

Британ ғалымдары Proxima b деп аталатын ғаламшар Жерден төрт жарық жылы, яғни 25 триллион милль қашықтықта, Күнге жақын Proxima Centauri жұлдызын айналып жүр дейді.

Ғалымдар ғаламшарды Чилидегі Еуропаның оңтүстік обсерваториясы телескопынан жұлдыздан шыққан жарықтың өзгеруін бақылау кезінде тапқан.

Proxima b ғаламшарының массасы Жер массасынан 1,3 есе артық, бірақ ол өз жұлдызына тым жақын, оны орбита бойымен әр 11 күнде бір рет айналып шығады.

Зерттеушілер Proxima Centauri-дің өзі Күннен әлсіз болғандықтан, Proxima b ғаламшары я тым ыстық, я тым суық емес және ондағы температура судың сұйық күйінде тұруына мүмкіндік береді дейді. Бірақ ғалымдар ғаламшарда ауа мен су бар, я жоқ дегенге нақты жауап бере алмайды.

Ғалымдар осы кезге дейін Күн жүйесінен тыс, "экзопланета" деп аталып кеткен 2 мың 500-ден астам ғаламшарды тапқан. Бірақ Proxima b болашақта ғарыш кемесін ұшыруға боларлық ғаламшар болуы ықтимал.

XS
SM
MD
LG