Accessibility links

Боқаев пен Аянның іс материалдарымен танысу мерзімі ұзартылды


Талғат Аян мен Макс Боқаевтың жақтастары тергеу излояторы алдында тұр. Атырау, 29 шілде 2016 жыл.
Талғат Аян мен Макс Боқаевтың жақтастары тергеу излояторы алдында тұр. Атырау, 29 шілде 2016 жыл.

Атырауда қамалған азаматтық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянның қылмыстық іс материалдарымен танысу уақыты тағы бір айға ұзартылды деп хабарлады адвокат Жанар Балғабаева. Оның сөзінше, мұны кеше ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облыстық департаменті (ҰҚКД) қызметкері айтқан. Азаттық ҰҚКД өкілімен тілдесе алмады.

Жанар Балғабаева - Макс Боқаевтың адвокаты, ал Талғат Аянды әкесі Төлепқали Аян қорғайды.

Атырауда жерді сатуға және шетелдіктерге жалға беруге қарсы 24 сәуірде өткен митингтің қатысушылары Макс Боқаев пен Талғат Аян 17 мамырда қамауға алынған. Соталды тергеуі барысында Боқаев пен Аянға әуелде тағылған «билікті басып алмақ болды» деген айып алып тасталып, қалған «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздырды», «төтенше жағдай кезінде немесе соғыс жағдайында не көпшілік іс-шаралар кезінде көпе-көрінеу жалған таратты», «жиын, митинг, пикет немесе демонстрацияны ұйымдастыру мен өткізу тәртібін бұзды» деген айыптар қалдырылған.

Атырауда басталған шеруден кейін Алматы және басқа қалаларда белсенділер мамырдың 21-і күні митингіге шығуға тырысқанымен, көшедегі адамдарды жаппай полиция ұстаған. Мамырдың 21-і қарсаңында және сол күні ұсталған белсенділердің арасынан 30-дан астам адам 15 тәулікке қамалып, кейін көбі босатылған.

XS
SM
MD
LG