Accessibility links

Атырауда прокурордың көмекшісі коррупция күдігімен үйқамаққа алынды


Атырау қалалық №2 соты.
Атырау қалалық №2 соты.

Атырау облыстық прокурорының көмекшісі коррупциялық қылмыс жасады деген сезікпен үйқамаққа алынды деп хабарлайды Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Соттың мәліметінше, облыстық прокуратураның қамалғандар, түрмеге жабылғандар мен қылмыстық жазасын өтеушілер құқығының сақталуын қадағалау басқармасының аты-жөні аталмайтын қызметкері "қасақана мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүддесіне қайшы келетін ауыр коррупциялық қылмыс жасады" деген күдікке ілінген.

Үйқамаққа алу туралы санкцияны Атырау қалалық №2 сотының судьясы шығарған. Судья сонымен қатар тергеу тобының күдіктіні қызметінен уақытша шеттету туралы өтінішін де қанағаттандырған. Сот бұл іске қатысты өзге ақпарат бермеген.

XS
SM
MD
LG