Accessibility links

Ресей әскери кемелері жаттығу аясында Каспий теңізіне шықты


Ресейдің Каспий флотилиясындағы әскери кемелері Сириядағы "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы шептеріне зымыран атып жатыр. 20 қараша 2015 жыл (Көрнекі сурет).
Ресейдің Каспий флотилиясындағы әскери кемелері Сириядағы "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы шептеріне зымыран атып жатыр. 20 қараша 2015 жыл (Көрнекі сурет).

Ресейдің Каспий флотилиясының 10 әскери кемесі мен Қара теңіз флотының 15-тен астам кемесі жаппай әскери дайындықты тексеру аясында теңізге шықты деп хабарлайды Ресей қорғаныс министрлігі.

Ресейдің Оңтүстік, Орталық және Батыс әскери округтерінде әскери дайындықты аяқ астынан тексеру 25 тамызда басталған. Тексеру 31 тамызға дейін жалғасады.

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу тексерудің мақсаты "қарулы күштерді Ресей мүддесіне қауіп төнген жағдайда оны қорғауға толық дайындау" екенін мәлімдеген.

Каспий флотилиясында теңізге "Град Свияжск", Великий Устюг", "Углич" шағын зымыран кемелері, артиллериялық катер, рейдтік және базалық шағын әскери кемелер, іздеу-құтқару кемесі шыққан.

Қара теңіз флотында теңізге "Адмирал Григорович" фрегаты, "Самум" және "Мираж" зымыран кемелері, "Сметливый" қарауыл кемесі, "Александровец" және "Касимов" шағын қайыққа қарсы кемелері, "Николай Фильченков", "Азов", "Ямал", "Цезарь Куников" және "Саратов" зымыран катері, мина сүзгіш кемелер, үлкен десанттық кемелері шыққан.

Ресейде биыл әскери даярлықты тексеру жиіледі. Маусымда Ресей армиясының әскери және мобилизациялық дайындығы тексерілген. Наурызда әуе-десанты күштерінде де осындай тексеру болып, оған 30 мыңға тарта адам қатысқан.

XS
SM
MD
LG