Ақ үй Парсы шығанағында Иран әскери кемелерінің АҚШ кемелеріне тым жақын келгеніне алаңдайды.
26 тамызда Ақ үй өкілі Джош Эрнест Иран кемелерінің әрекетін "жол беруге болмайды" деп бағалады.
Ал Иран қорғаныс министрі Хосейн Дехган "кемелеріміз әдеттегідей күзет қызметін атқарып жатыр" дейді.
25 тамызда АҚШ әскери кемесі Иран кемесінің жақындауына байланысты ескерту ретінде зеңбірек атқан.
Мұның алдында АҚШ 23 тамыз күні тағы бір Иран кемесінің Ормуз бұғазында америкалық кеменің соңынан жүзіп отырғанын хабарлаған еді.