Accessibility links

Талғар маңында халықаралық этно-фестиваль ашылды


«Ұлы дала рухы» фестивалінің бір көрінісі. Алматы облысы, 27 тамыз 2016 жыл.
«Ұлы дала рухы» фестивалінің бір көрінісі. Алматы облысы, 27 тамыз 2016 жыл.

Іле Алатауы баурайында, Алматыдан 25 километр жерде «Ұлы дала рухы» халықаралық этно-фестивалі ашылды. Ұйымдастырушылары (Алматы қаласы және Алматы облысы әкімдігі, венгиялық «Тұран» қоры) фестивальдің екі күнінде қонақтарға қазақтардың сақ дәуірінен бастап, орыс отаршылдығына дейінгі замандағы тұрмыстық салттарын көрсетпек.

Фестиваль өтіп жатқан жер - ортағасырлық Талхир қаласының маңы. Бұл қала арқылы Жібек Жолының бір тармағы өткен. Талхир - мың жыл болған Алматымен жасты қала. Бұл фестиваль да Алматы қаласының мың жылдығына және Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған.

Фестиваль аумағында бірнеге ауыл орналасқан - «Эрхий мерген»,
«Тайбурыл», «Ак сүйек», «Батыр» және басқалар. Әр ауыл көшпенділер мәдениетінің белгілі бір бөлігіне арналған. Бір ауылда қолөнершілер отырса, енді бірінде - құсбегілер, басқа ауылдарда - батырлар, аңшылар, т.б. отыр.

Фестивальге Венгрия, Ресей, Словакия, Украина, Эквадор елдерінің өкілдері де қатысып жатыр. «Ұлы дала рухы» фестивалі екінші рет өтті.

XS
SM
MD
LG