Accessibility links

Мәскеудегі өрттен ауруханаға түскен қырғызстандықтардың халі нашар


Қырғызстанның Мәскеудегі елшісі Болат Отунбаев өрттен қаза тапқан мигранттар туыстарымен кездесіп тұр. Мәскеу, 27 тамыз 2016 жыл.
Қырғызстанның Мәскеудегі елшісі Болат Отунбаев өрттен қаза тапқан мигранттар туыстарымен кездесіп тұр. Мәскеу, 27 тамыз 2016 жыл.

Мәскеудегі баспа қоймасындағы өрттен кейін ауруханаға жеткізілген қырғызстандықтар әл үстінде жатыр. Бұл туралы Қырғызстан сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.

Мәскеудегі Қырғызстан елшілігі қызметкерлері ауруханаға жеткізілген Көлбайқызы Қызбурак, Исраилұлы Ұларбек және Қадыржанов Нұрмұхамедтің халін біліп шыққан.

Айчурөк Абдимаматова ауруханаға апара жатқан жолда қайтыс болған.

Қазір елшілік өкілдерінің қатысуымен қаза тапқан адамдардың аты-жөнін анықтау жұмысы атқарылып жатыр.

Мәскеуде 27 тамыз күні таңертең болған өрттен 17 адам қаза тауып, денесін күйік шалған төрт адамды дәрігерлер ауруханаға әкеткен еді. Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің дерегінше, қаза тапқан адамдардың 15-і - Қырғызстан азаматтары.

XS
SM
MD
LG