Accessibility links

Киевте Ресей журналисінің мәйіті табылды


Александр Щетинин.
Александр Щетинин.

Украина астанасы Киевтегі пәтерінен ресейлік журналист, "Новый регион" агенттігінің негізін қалаған Александр Щетининнің мәйіті табылды. Бұл туралы Украина полициясының баспасөз қызметі хабарлады.

"Киев оперативный" басылымының хабарлауынша, Щетининді пәтерінде өліп жатқан жерінен достары көрген. Олар журналисті туған күнімен құттықтауға келген. Щетинин орындықта отырған, басынан оқ тиген, тапанша столдың астында жатқан.

Тергеушілер журналист өзін өзі өлтірді деген болжам жасап отыр. Щетинин мұның алдында бір танысына өзін-өзі өлтіргісі келетінін айтып, хат жазған.

Ресей билігін үнемі сынап келе жатқан Щетинин Кремльдің қысымына ұшыраған еді. Сол себептен де өзі негізін қалаған "Новый регион" агенттігінің бас редакторы қызметін 2014 жылы босатып берген еді.

XS
SM
MD
LG