Accessibility links

Қырғыз билігі Мәскеуден өрт себебін тексеруді талап етпек


Қырғызстанның Ресейдегі елшісі Болот Отунбаев (оң жақта) баспадағы өрттен қаза тапқан адамдардың туыстарымен сөйлесіп тұр. Мәскеу, 27 тамыз 2016 жыл.
Қырғызстанның Ресейдегі елшісі Болот Отунбаев (оң жақта) баспадағы өрттен қаза тапқан адамдардың туыстарымен сөйлесіп тұр. Мәскеу, 27 тамыз 2016 жыл.

Қырғызстан үкімет басшысы орынбасары Гүлмира Құдайбердиева Бішкектегі өрт құрбандарын еске алу жиынында Мәскеуден баспада шыққан өрттің себептерін тексеруді талап ететіндерін мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, Қырғызстан үкімет басшысы Соуронбай Жиенбеков Ресей премьері Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлескен. Тараптар Мәскеуде болған Қырғызстанның 14 азаматы қаза тапқан қайғылы оқиғаны талқылаған.

Кеше Мәскеуде баспа қоймасы өртеніп, 17 адам қаза тапты, оның 14-і - Қырғызстан азаматтары.

Ресей ТЖМ мәліметтеріне қарағанда, өрт электр лампасынан шыққан. Бұл кезде жұмысшылар ғимараттың төртінші қабатында болған, өрт тез қаулап, олар түтінге тұншығып, шыға алмай қалған.

XS
SM
MD
LG