Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Ресей мен Түркия арасындағы чартерлік рейстерге салынған тыйымды жойды. Путин қол қойған қаулыда әуе компаниялары Түркияға ұшу кезінде жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қосымша шараларын қабылдауы тиіс екені айтылған. Тыйым жойылған соң "Росавиация" мекемесі ұшуға рұқсат береді.
Ресейден Түркияға ұшатын чартерлік рейстер 2015 жылы желтоқсанда түрік әскерилері Сириямен шекарада Ресей әскери ұшағын атып түсірген соң тоқтатылған. Биыл маусымда Түркия президенті Режеп Ердоған ұшақты атып түсіргенде қаза тапқан ұшқыштардың отбасыларынан кешірім сұраған. Бұдан соң Владимир Путин Түркияға туристік жолдама сатуға салынған шектеуді жойып, чартерлік әуе тасымалына рұқсат еткен.