Accessibility links

Иранда ядролық келіссөзге қатысушылардың бірі ұсталған


Иран делегациясы әлемдік державалар өкілдерімен ядролық келіссөзде. Вена, 28 маусым 2015 жыл.
Иран делегациясы әлемдік державалар өкілдерімен ядролық келіссөзде. Вена, 28 маусым 2015 жыл.

Иран билігі әлемдік державалармен ядролық келіссөз жүргізген делегация мүшелерінің бірі ұсталғанын хабарлады. Кейбір мәліметтер бойынша, ол алдын ала тергеу камерасында бірнеше күн отырған соң кепілге босатылған. Бірақ оған қарсы тергеу жалғасып жатыр.

Сот органының өкілі делегацияның аты-жөні аталмаған өкілін "келіссөзге қатысушылар командасына кірген тыңшы" деп атады. Жергілікті ақпарат құралдары ұсталған адамның Абдолрасул Дорри Эсфахани екенін айтады. Ол Иран мен Канаданың азаматы және өткен жылы Тегеранның ядролық бағдарламасын шектеп, санкцияны жою туралы келіссөзде Иран делегациясы құрамында жұмыс істеген.

2015 жылы шілдеде жасалған келісім бойынша Иран ядролық бағдарламасын кәдімгідей шектеп, бұл елге салынған экономикалық санкциялар жойылған.

XS
SM
MD
LG