Accessibility links

Франция ІІМ: Буркиниге тыйым салу - конституцияға қайшы


Бернард Газнев, Франция ішкі істер министрі.
Бернард Газнев, Франция ішкі істер министрі.

Франция ішкі істер министрі Бернард Газнев Францияда мұсылман әйелдердің суға түскенде киетін "буркини" деп аталатын киіміне тыйым салу конституцияға қайшы келетінін мәлімдеді.

Францияның La Croix басылымына берген сұхбатында Газнев буркиниге қарсы заң қабылдау Францияда "оңалмайтын шиеленіс" тудыруы мүмкін екенін айтты.

Францияда буркиниге тыйым салу мәселесі елдегі әйелдер құқығы және зайырлылық принциптеріне қатысты өткір пікірлатас тудырған.

Таяуда Францияда 30-ға тарта шипажайда жағажайда әйелдердің буркини киіп жүруіне тыйым салынған. Бірақ Францияның жоғарғы әкімшілік соты 26 тамызда Францияның бір қаласында буркини киюге салынған тыйымның күшін жойған.

Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози елде буркиниге тыйым салатын заң қабылдауды ұсынып жүрген негізгі адамдардың бірі саналады.

Саркози таяуда келесі президент сайлауына түсу ниеті тарын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG