Франция президенті Франсуа Олланд Ұлыбританияның Еуропа Одағынан (ЕО) шығуы - Brexit жайлы келіссөздер "2018 жылдың соңына дейін аяқталуы керек, Лондонның бұл жайлы шешімін қайта қарау мүмкін емес" деп мәлімдеді.
Сейсенбі күні Парижде француз елшілерімен кездескен Олланд АҚШ-тың жаңа президенті сайланғанша ЕО мен АҚШ арасындағы еркін сауда жайлы келісімге қол қою келіссөздерін тоқтата тұруға шақырды. Францияның сыртқы сауда жөніндегі мемлекеттік хатшысы Маттиас Фекль де осыны мәлімдеп, трансатлантикалық пакт жаңа негізде басталуы керек деп мәлімдеген. Франция бұл мәселені 16 қыркүйекте Братиславада өтетін ЕО саммитінде көтермек.
Өткен аптада Германияның экономика министрі Зигмар Габриэль АҚШ-пен сауда келісімі жүзеге аспағанын айтқан. Бірақ дүйсенбіде Еурокомиссия мұны жалғастыра беру қажет екенін мәлімдеді. АҚШ пактіге жыл соңына дейін қол қоймақ ниетте.