Accessibility links

Қазақстан футболшылары Қырғызстаннан жеңілді


Футболдан Қазақстан құрамасы.
Футболдан Қазақстан құрамасы.

Футболдан Қазақстан құрамасы Бішкекте Қырғызстанмен жолдастық кездесу өткізіп, 0:2 есебімен жеңілді. Матчтың 43 минутында Валерий Кичин, 81 минутта Мирлан Мурзаев гол салды.

Қырғызстан Қазақстан құрамасын алғаш рет жеңді. Осыған дейінгі жеті матчтың бесеуінде Қазақстан жеңіске жетіп, екеуі тең аяқталған.

Енді Қазақстан 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу жарысын бастайды. Талғат Байсуфинов жаттықтыратын Қазақстан құрамсасы 5 қыркүйекте Астанада Польша құрамасымен кездеседі.

XS
SM
MD
LG