Accessibility links

Ислам Каримовтың қызы әлеуметтік желіде әкесінің тірі екенін білдірді


Ислам Каримов, Өзбекстан президенті.
Ислам Каримов, Өзбекстан президенті.

Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың денсаулығына қатысты қарама-қайшы ақпараттар шығып жатқан тұста бүгін оның кіші қызы Лола Каримова-Тилляеваның әлеуметтік желіде жариялаған жазбасы президентті әлі тірі деуге негіз бола алады.

Instagram-дағы жазбасында Лола Каримова-Тилляева көпшілікке "президентке ізгі, шынайы, кіршіксіз білдірген қолдау сөздері мен тезірек жазылып кетуін тілегені" үшін алғыс білдірді. "Біз үшін мұның маңызы зор және мен сіздердің жүректеріңізден шыққан барлық ізгі тілектеріңіз оның айығуына көмектеседі деп сенемін" делінген Каримова-Тилляеваның жазбасында.

28 тамызда Ислам Каримовтың әлдебір сырқатпен ауруханаға түскені туралы хабарланғаннан бері оның денсаулығы туралы ресми ақпарат жоқ. "Фергана" агенттігі 30 тамызда белгісіз дереккөзіне сілтеме жасап Ислам Каримовтың "қайтыс болғанын" хабарлаған. Бірақ басқа ақпарат құралдары, оның ішінде ресейлік агенттіктер Каримовтің әлі "тірі екенін" хабарлады.

Лола Каримова-Тилляева Instagram-да әкесінің "миына қан құйылып, аурухананың жансақтау бөлімінде жатқанын" және "жағдайы бірқалыпты екенін" жазған. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков кеше Кремльге Каримовқа қатысты жаңа ақпарат түспегенін және Мәскеу үшін Өзбекстан президентінің жағдайы туралы комментарий беру "жөнсіз болатынын" мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG