Бүгін Қазақстан мектептерінде жаңа оқу жылының басталуына орай алғашқы қоңырау салтанатты шарасы өтіп жатыр.
Қазақстан білім және ғылым министрлігінің дерегінше, биыл Қазақстан мектептерінде 2,5 миллион бала оқиды. Ал 370 мың бала бірінші сыныпқа барады.
Биыл көктемде министрлік бірінші сынып оқушыларына бес күндік оқу аптасын енгізу туралы шешім шығарған. Ал мектептердегі барлық сыныптарды бес күндік оқуға көшіру науқаны 2019 жылы аяқталуы тиіс.