Accessibility links

Назарбаев: Халықтың табысын арттыруға қатысты жоба ұсынамын


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Бүгін Астанада парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев алдағы уақытта халықтың табысын арттыруға қатысты жаңа шаралар ұсынатынын мәлімдеді.

Азаттық тілшісінің мәлімдеуінше, Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысы қыркүйектің алғашқы онкүндігінде өтетінін айтқан.

- Осы отырыста мен жұмыспен қамтуды қолдау және халықтың табысын арттыруға қатысты жаңа шараларды ұсынатын боламын. Яғни, бұл жобада экономиканы дамыту үшін қаражат тарту жолдары, банктердің жұмысын жандандыру және жергілікті жерлердегі мүмкіндіктерді кеңейту мәселелерін қарастырамын, - деді ол өз сөзінде.

Назарбаев бұл отырыста парламентке биылғы сессияда заң сапасын арттыруды, заң қабылдарда халықты толық ақпаратпен қамтамасыз етуді ескертті.

XS
SM
MD
LG