Accessibility links

Астана шетінде жатақхана тұрғындарын күштеп шығаруға барды


Астанада пәтерлерінен күштеп шығарылайын деп жатқан жатақхана тұрғындары. Астана, 2 қыркүйек 2016 жыл.
Астанада пәтерлерінен күштеп шығарылайын деп жатқан жатақхана тұрғындары. Астана, 2 қыркүйек 2016 жыл.

Астана шетіндегі Пригородный ауылындағы жатақхана тұрғындарын бүгін сот орындаушылары үйлерінен күштеп шығаруға барды.

Қалалық "Городская недвижимость" мекемесінің заңгері Гаухар Абылаеваның айтуынша, жатақханада тұратын жеті отбасыға жатақхана 2006-2007 жылдары олардың саяжайдағы үйлері мен жер телімдерін мемлекет меншігіне алуына байланысты уақытша тұруға берілген. Жатақхана 2015 жылдың соңында "Городская недвижимость" мекемесінің меншігіне алынған соң сот тұрғындарға жатақхананы босатуға шешім шығарған.

Тұрғындар өздерін жатақханадан шығару заңсыз деп санайды. Тұрғындардың сөзінше, жатақхана өздеріне шексіз мерзімге тұруға берілген. Олар жатақханада тұрып жатқаны үшін осы кезге дейін коммуналдық төлемақыны төлеп отырғанын айтады.

Жатақхана тұрғынының сөзінше, өздеріне жатақханадан шығару туралы ескерту соңғы рет 31 тамыз күні жасалды.

Жатақхана алдына полиция, жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметі мен көліктері тұр.

XS
SM
MD
LG