Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Барак Обамамен Қытайда өтіп жатқан G-20 саммиті аясында кездесті деп хабарлайды ТАСС және Интерфакс агенттіктері. Қазақстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Обама өзінің президенттік өкілетінің мерзімі аяқталғаннан кейін де «өзара тығыз қарым-қатынасқа» әзірлік танытып, Назарбаевты АҚШ-тың «жақсы досы» және «сенімді серіктесі» деп атаған.
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан «Үлкен жиырмалық» елдері саммиті кезінде Қазақстан президенті бүгін тағы бірқатар елдердің жетекшілерімен, соның ішінде Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй және Канада премьер-министрі Джастин Трюдомен кездескен. Сондай-ақ, Назарбаевтың Ресей президенті Владимир Путин, Франция президенті Франсуа Олланд, Германия канцлері Ангела Меркель, Түркия президенті Режеп Ердоған және өзгелермен әңгімелескені туралы хабарланды.