Accessibility links

Қазақстаннан Ресейге ет шығаруға қойылған шектеу алынды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қыркүйектің 5-інен бастап Қазақстаннан (Атырау облысынан басқа аймақтардан) Ресейге ірі қара мал және одан алынған өнім түрлерін шығаруға қайтадан жол ашылады деп хабарлайды Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Ресми ақпарат бойынша, биыл мамырда Қазақстан аумағында пастереллез және Атырау облысында тораптық дерматит ошағының анықталуына байланысты шілде айында ауыл шаруашылық жануарлары мен олардың өнімдерін Ресейге шығаруға шектеулер енгізілген.

XS
SM
MD
LG