Accessibility links

Иранда белгілі құқық қорғаушы әйел босатылды


Бахаре Хедаят, ирандық құқық қорғаушы.
Бахаре Хедаят, ирандық құқық қорғаушы.

Иранда алты жылдан астам уақыт түрмеде отырған белсенді, әйелдер құқығын қорғаушы Бахаре Хедаят босатылды. Оның жұбайы Амин Ахмадян әйелінің босағаны туралы Instagram-да хабарлады.

Бахаре Хедаят - 2009 жылы бұрынғы президент Махмуд Ахмединежадтың қайта сайлануынан соң басталған қуғын-сүргін кезінде қамалып, сотталған белсенділерді бірі, интеллигенция өкілі, реформаны жақтаушы. Оған "ұлттық қауіпсіздікке қарсы әрекет жасады", "мемлекет басшысына тіл тигізді" деп айыпталып, жеті жарым жылға сотталған. Кейбір ақпар бойынша, оған түрмеде отырған кезінде түрмедегі серігі Мажид Таваколимен бірге студенттерді өз құқығын бейбіт қорғау күресіне шақырып, хат жазғаны үшін қосымша алты ай түрмеде отыру жазасы кесілген.

XS
SM
MD
LG