Accessibility links

Кашмирдегі қақтығыста ондаған адам жараланды


Кашмирдің Үндістан бақылайтын бөлігіндегі үкіметке қарсы шеру. 29 тамыз 2016 жыл.
Кашмирдің Үндістан бақылайтын бөлігіндегі үкіметке қарсы шеру. 29 тамыз 2016 жыл.

Кашмирдің Үндістан бақылайтын бөлігінде үнді үкіметі әскері мен наразылық танытушылар арасында болған қақтығыста ондаған адам жараланды. Үндістан қауіпсіздік күштері Кашмирдің Дели бақылайтын бөлігінің басты қаласы Шринагарда үкіметтік мекемелерді өртеп, тас лақтырғандарға қарсы көзден жас ағызатын газ бен таяқ қолданды.

Қақтығыс болған күні сепаратистер басшылары премьер-министр Нарендра Модидің тапсырмасы бойынша аймақтағы жағдайды тыныштандыру үшін Делиден барған үнді депутаттарымен кездесуден бас тартты. Сепаратистер жетекшілері бірлескен мәлімдемесінде Үндістан үкіметінен "Джамму және Кашмир азаматтарының өзін-өзі анықтау құқығына қатысты мәселені" шешуді талап етеді.

Кашмирде өткен бірнеше аптада соңғы бірнеше жылда болмаған үкіметке қарсы демонстрациялар өткен. Ондаған мың адам қатысқан демонстрацияға 8 шілдеде кашмирлік сепаратистер жетекшілерінің бірінің қастандықтан қаза табуы себеп болған.

Наразылықтар басталғалы бері кем дегенде 70 бейбіт тұрғын қаза тауып, мыңға тарта адам жараланды.

XS
SM
MD
LG