АҚШ президенті Барак Обама мен Ресей президенті Владимир Путин Қытайда өтіп жатқан G20 елдері саммитінің арасында кездесті.
АҚШ билігі өкілдері 5 қыркүйекте кездесу туралы толық ақпарат бүгін кештеу хабарланатынын айтты.
Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистерге Путин мен Обама Сирия мен Украинадағы дағдарысты талқылағанын хабарлады.
2 қыркүйек күні бұдан ертерек АҚШ пен Ресей дипломаттары Сириядағы қақтығысты тоқтату мәселесінде келісе алмаған.