Accessibility links

АҚШ мемлекеттік департаменті өкілі Өзбекстанға бармақ


Даниель Розенблюм, АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісінің орынбасары
Даниель Розенблюм, АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісінің орынбасары

АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісінің орынбасары Даниель Розенблюм Өзбекстанға сапарлап келеді деп хабарлайды Азаттықтың Өзбек редакциясы.

АҚШ-тың Өзбекстандағы елшілігінің хабарлауынша, сапар барысында Розенблюм Өзбекстан билігінің өкілдерімен кездесіп, екі жақты қатынастардың қазіргі жайы мен келешегін талқылайды дем жоспарланған. Тараптар сонымен қатар халықаралық және аймақтық өзекті проблемалар жөнінде пікір алмаспақ.

Өзбекстандық аты-жөнін айтқысы келмеген сарапшылардың пікірінше, АҚШ мемлекеттік департаменті өкілі Өзбекстанға елдегі соңғы саяси жағдай - президент Ислам Каримовтың дүниеден озуына байланысты келейін деп отыр.

Даниель Розенблюм Өзбекстанға соңғы рет биыл сәуірде барып, сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловпен кездескен.

XS
SM
MD
LG