Accessibility links

Ресей "Левада-Центр" ұйымын "шетел агенті" тізіміне қосты


"Левада-Центр" ұйымының Мәскеудегі кеңсесі (Көрнекі сурет).
"Левада-Центр" ұйымының Мәскеудегі кеңсесі (Көрнекі сурет).

Ресейдің әділет министрлігі белгілі тәуелсіз "Левада-Центр" ұйымын "шетел агенті" деп танылған ұйымдар тізіміне қосты.

"Левада-Центр" - Ресейдегі сайлауларда сауалнама жүргізетін және әлеуметтік зерттеулермен айналысатын ең ірі үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) бірі.

Ресейде 2012 жылы қабылданған ҮЕҰ туралы заң бойынша, шетелден қаржы алатын және саяси қызметпен айналысатын кез-келген ҮЕҰ "шетел агенті" ретінде қайта тіркеуден өтуі тиіс. 2014 жылы бұл заңға әділет министрлігінің тіркеуден өтпеген ҮЕҰ-ны "шетел агенті" тізіміне күштеп қосуына рұқсат ететін өзгеріс енгізілген.

Ресейлік және халықаралық құқық қорғау ұйымдары бұл заң тәуелсіз үкіметтік емес ұйымдарды басу үшін қабылданған деп санайды.

XS
SM
MD
LG