Қырғызстанынң Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) Бішкек түбінде "халықаралық террористік ұйымы" бөлімінің күдікті мүшесінің көзі жойылғанын хабарлады.
Ресми ақпаратқа қарағанда, астыртын ұйым бөлімінің мүшесі делінген сезікті, 1977 жылы туған А.А 29 тамызда терроризмге қарсы іс-шаралар кезінде көзі жойылған. Күдіктіні тексеруде "Сайга" карабині, қолдан жасалған жарылғыш құрылғы мен оқ-дәрілер табылған.
МҰҚ бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел тергеу шаралары жасалып жатыр дейді.