Accessibility links

Экстремизм мен терроризмге қарсы заңдарға түзету парламентке түсті


Парламент мәжілісі, Астана (Көрнекі сурет).
Парламент мәжілісі, Астана (Көрнекі сурет).

Парламент мәжілісіне экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заң актілеріне бірқатар түзетулер мен өзгерістер енгізу туралы заң жобасы түсті. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан мәжіліс жиынында халықаралық іс, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев хабарлады.

Әшімбаев заң жобасында экстремизм және терроризммен, қару-жарақ айналымымен күрес, миграцияны ретету саласындағы қолданыстағы заңдарды жетілдіру көзделгенін айтты.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1 қыркүйекте парламент палаталарының бірлескен отырысында парламентке экстремизм мен терроризмге қарсы заң жобасы, ақпараттық қауіпсіздік, қарсы барлау қызметі және басқа да заң жобалары берілетінін айтып, оны қарауды тапсырған.

«Әлемдегі өзге елдер тәрізді Қазақстан да терроризм қаупімен бетпе-бет жолықты. Алматы мен Ақтөбедегі террорлық шабуылдар салдарынан ұлттық гвардия сарбаздары, полиция қызметкерлері, еш жазығы жоқ азаматтар қаза болды. Мұндай жағдайда мемлекет еш нәрсеге қарамастан өз қауіпсіздігін нығайтуы тиіс» деген Назарбаев.

Президент «елдегі ішкі тұрақсыздықты теріс пайдаланып, қоғамға іріткі салуды ойлайтын күштер барын» да айтқан.

XS
SM
MD
LG