Accessibility links

Ресей Қара теңізде АҚШ ұшағын қақпайлады


Америкалық P-8 Poseidon ұшағы (Көрнекі сурет).
Америкалық P-8 Poseidon ұшағы (Көрнекі сурет).

Ресейлік әскери ұшақтар Қара теңіз үстінде америкалық барлаушы ұшағын бірнеше қақпайлады. АҚШ қорғаныс министрлігінің өкілдері ресейлік ұшқыштардың әрекетін кәсібилікке жатпайды деп айыптады. Бұл жайлы Мәскеу мен Вашинтон бір уақытта мәлімдеме жасағанымен, олардың оқиғаға қатысты айтқандары үйлеспейді.

Пентагондағы аты-жөнін атамаған дереккөздері Reuters-ке Су-27 жойғыш ұшағы америкалық ұшаққа бірнеше рет тым жақын ұшып өткенін айтып, мұндай әрекетті "қауіпті және кәсіби емес" деп атаған.

"Интерфакстің" хабарлауынша, Ресей қорғаныс министрлігінің өкілі, генерал-майор Игорь Конашенков америкалық P-8 Poseidon қайыққа қарсы патруль ұшағы Ресейдің теңіздегі шекарасына тым жақын келгенін және онда дыбыс қабылдағыш құрылғысы өшіріліп тұрғанын айтқан.

Ресей осы аптаның басында елдің оңтүстігінде Қырымда орналасқан әскери бөлімдерді қатыстырып ауқымды жаттығу бастаған.

XS
SM
MD
LG