Accessibility links

АЕР/АР президенті Ереванды журналистерге шабуылды тергеуге шақырды


"Азат Еуропа/Азаттық Радиосының" президенті Томас Кент.
"Азат Еуропа/Азаттық Радиосының" президенті Томас Кент.

"Азат Еуропа/Азаттық Радиосының" президенті Томас Кент Армения билігін "Радио Азатутюн" (Азаттықтың Армян редакциясы) журналистеріне шілдеде жасалған шабуылды тәуелсіз түрде толықтай тергеуге шақырды.

Армения президенті Серж Саргсянмен кездесуінде Кент армян үкіметіне радиостанцияның елде кедергісіз жұмыс істеуіне жағдай жасағанына алғыс білдірді. Ол Армениядағы ақпараттық орта мен азаматтық қоғамның дамуын оң бағалады. Кент сонымен қатар 2016 жылы шілдеде Еревандағы тәртіпсіздіктерден хабар таратып жүрген Азаттықтың Армян редакциясының журналистеріне жасалған шабуылға қатысты алаңдайтынын жеткізді. Ол "Азат Еуропа/Азаттық Радиосы" тергеу барысын бақылап отыратынын айтты.

29 шілдеде Ереванда қарулы топ басып алған полиция бөлімінде полиция мен наразылық танытушылар арасында болған қақтығыс кезінде Армян редакциясының журналистеріне жуан таяқ және темір шыбықпен қаруланған, азаматтық киімдегі белгісіз адамдар шабуылдаған. Салдарынан бір журналист ауруханаға түсіп, екі журналист жараланған.

Армения прокуратурасы бұл оқиға бойынша іс қозғаған.

XS
SM
MD
LG