Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Қазақстан президентінің бұл туралы жарлығында Мәсімовтің премьерлік қызметінен босағаны, уақытша оның міндетін атқара тұру премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевқа жүктелетіні айтылған.
Назарбаев министрлерге жаңа үкімет жасақталғанша міндеттерін атқара тұруды тапсырды.
Кәрім Мәсімов 2014 жылы сәуірде премьер-министр болып, 2015 жылы сәуірде қайта тағайындалған. Мұның алдында ол президент әкімшілігінің басшысы, премьер-миинстр болған.
Ұлттық қауіпсіздік комитетін бұған дейін Владимир Жұмақанов басқарған.