Accessibility links

Астанада үкіметтің кеңейтілген жиыны өтіп жатыр


Үкімет үйі, Астана (Көрнекі сурет).
Үкімет үйі, Астана (Көрнекі сурет).

Астанада бүгін үкіметтің кеңейтілген жиыны өтіп жатыр. Жиынға президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысып отыр. Жиын премьер-министр Кәрім Мәсімов отставкаға кеткен тұста өткен. Мәсімов кеше ҰҚК төрағасы болып тағайындалған. Премьер-министрдің міндетін атқару уақытша бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаевқа жүктелген.

Назарбаев бұған дейін кеңейтілген жиында негізінен жұмыссыздық пен мемлекеттік инвестициялық бағдарламалар мәселелері қаралатынын айтқан. Қытайдың Ханчжоу қаласындағы G20 елдері саммитінен кейін брифингте Назарбаев жиында "дағдарыстан экономикалық өсімге қалай өту" туралы айтатынын білдірген.

Кәрім Мәсімов алғаш үкіметті 2007 жылдан 2012 жылға дейін басқарған. 2012-2014 жылдары ол президент әкімшілігін басқарған. 2014 жылы сәуірде ол премьер-миинстр болып қайта тағайындалған.

Бақытжан Сағынтаев премьердің орынбасары болып 2013 қаңтарда тағайындалған. Ол әр жылдары президенттің "Нұр Отан" партиясы төрағасының орынбасары, экономикалық даму, сауда министрі, Павлодар облысының әкімі болған.

XS
SM
MD
LG