Accessibility links

Назарбаев: Жаңа үкіметте көп өзгеріс болмайды деп ойлаймын


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр Кәрім Мәсімов отставкаға кеткен соң жаңа үкіметте көп өзгеріс болмайды деген пікірін білдірді. Астанада өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген жиынында Назарбаев Мәсімовтің не себепті ҰҚК төрағасы болып тағайындалғанын айтты. Президент Мәсімовті ҰҚК төрағасы етіп өзінің келісімімен, оның тәжірибесі және республикадағы жағдайды білетінін ескеріп тағайындағанын жеткізді.

- Үкіметтегі өзгерістерді көріп отырсыздар. Мұның өз қисыны бар. Біріншіден, бұл қауіпсіздік деңгейін арттырып, күшейту қажеттігімен байланысты, - деді президент.

Назарбаев сонымен қатар үкімет "қиын уақытта өз міндетін атқарып, барлық тапсырманы орындап отырғандықтан" жаңа үкіметте үлкен өзгеріс болмайды деп ойлайтынын айтты.

Мәсімов ҰҚК төрағасы болып кеше тағайындалған. Оның міндетін уақытша атқару бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаевқа жүктелді. ҰҚК-нің осыған дейінгі төрағасы Владимир Жұмақанов президенттің кеңесшісі болды.

XS
SM
MD
LG