Accessibility links

Бақытжан Сағынтаев премьер-министр болды


Бақытжан Сағынтаев, Қазақстан премьер-министрі. (Сурет primeminister.kz сайтынан алынған)
Бақытжан Сағынтаев, Қазақстан премьер-министрі. (Сурет primeminister.kz сайтынан алынған)

Бақытжан Сағынтаев Қазақстан премьер-министрі болып тағайындалды деп хабарлады Ақорда.

Елдің 2014 жылғы сәуірден бергі үкімет басшысы Кәрім Мәсімов кеше президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен қызметінен кетіп, ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалған. Президент Назарбаев үкімет жетекшісі міндетін уақытша атқаруды премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевқа жүктеп, министрлерге жаңа үкімет жасақталғанша міндеттерін орындай тұруды тапсырған.

Бақытжан Сағынтаев әр жылдары өңірлік даму министрі, экономикалық даму және сауда министрі, Павлодар облысының әкімі болған. Ол 2014 жылдың 7 сәуірінде премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалған.

XS
SM
MD
LG