БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысында Солтүстік Кореяның ядролық сынақ жасауын «БҰҰ қарарын өрескел бұзу» деп атап, халықаралық қауымдастық бұл мәселеде бірегей ұстанымда болады деп үміттенетінін айтты.
Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл кеңесі Оңтүстік Корея, Жапония және АҚШ-тың бастамасы бойынша шақырылған.
Бұған дейін жұма күні АҚШ президенті Барак Обама АҚШ Жапония мен Оңтүстік Кореяны Пхеньян тарапынан агрессиядан қорғауға АҚШ-тың дайын екенін мәлімдеген.
Солтүстік Корея билігінің іс-әрекетін Қытай мен Жапония да айыптаған.
Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) Пхеньянның ядролық қару сынағын жасауын «алаңдатарлық және өкінішті оқиға» деп атаған.
Жұмаға қараған түні Солтүстік Кореяның ядролық қару сынағын бесінші рет өткізгені мәлім болған еді. Пхеньян баллистикалық зымырандарын ядролық оқтұмсықтармен жарақтандыруға қауқарлы екенін және өз ядролық бағдарламасын дамытуды жалғастыра беретінін мәлімдеген.