Accessibility links

ИМ экстремистік тобы Бағдаттағы шабуылдарға жауапкершілікті өзіне алды


ИМ экстремистік тобы шабуыл жасаған жерде тұрған адамдар. Каррада ауданы, Бағдат, 6 қыркүйек 2016 жыл.
ИМ экстремистік тобы шабуыл жасаған жерде тұрған адамдар. Каррада ауданы, Бағдат, 6 қыркүйек 2016 жыл.

Ирак астанасында мұнай министрлігіне жақын орналасқан сауда орталығы маңында жасалған екі жарылысқа жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы өзіне алатынын мәлімдеді деп хабарлайды Reuters. Жарылыстар салдарынан 12 адам мерт болып, 40-тан аса адам жараланған.

Жұма күні сауда орталығына қарсы бетте автокөлікке орнатылған бомба жарылған, тағы бір жарылыс дүкен жанындағы автотұрақта болған деп хабарланды.

Құрбан болғандар арасында полиция қызметкерлері бар деп хабарланды.

Бұған дейін Бағдатта «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының содырлары бірнеше рет шабуыл жасаған. Сейсенбі күні Каррада ауданында олардың шабуылынан жеті адам қаза тапқан.

Бұл шабуылдар Ирак әскері «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының бақылауындағы ең соңғы ірі қала – Мосулды алу үшін шайқас жүргізіп жатқан кезде жасалған.

XS
SM
MD
LG